Мәслихат депутаттары қайта сайланады
Елде кезектен тыс сайлау өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынды. Қазіргі мәслихат депутаттарының көбі «Amanat» партиясының атынан сайланған. Ал бұл партия «Әділетке» қосылып, өз жұмысын тоқтатты. Сондықтан мәслихаттардың қазіргі құрамын жаңартып, қайта сайлау қажетігі туындап тұр. Президент бұл мәселені Премьер-министрмен, Құрылтай Төрағасымен талқылап, тиісті Жарлыққа қол қоятынын айтты. Ал сайлаудың нақты күнін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа сайлау жергілікті органдардың кәсіби құрамын жаңартып, олардың жұмысына серпін бермек.