Мұнай өңдеу көлемі 40 млн тоннаға дейін артады

Мұнай өңдеу көлемі 40 млн тоннаға дейін артады

Үкімет биыл 15,49 млн тонна мұнай өнімі өндірілмек. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен шамалас. Елдегі мұнай өңдеу саласын дамыту мақсатында Үкімет арнайы тұжырымдаманы бекітті. Құжат аясында қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарының тиімділігін арттыру көзделген. Жоспарға сәйкес, мұнай өңдеу зауыттары кеңейтіледі. Олардың жиынтық қуаты жылына 18 млн тоннадан 29 млн тоннаға дейін жеткізілмек. Сонымен қатар, жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін жаңа ірі зауыт салу жоспарланып отыр. Нәтижесінде  мұнай өңдеу қуаты жылына 40 млн тоннаға жетеді. Бұдан бөлек, мұнай өңдеу тереңдігі 94%-ға дейін артады. Отын сапасы К5+ стандартына жеткізіледі.