Ұлы дала тарихын зерттейтін халықаралық консорциум құрылды
Бауырлас мемлекеттердің тарихын зерттейтін халықаралық
консорциум құрылды. Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен қолға алынған
жобаға Түркі әлемі ұлттық ғылым академиялары одағының Бас ассамблеясында қол
қойылды. Енді алты мемлекеттің тарихшылары қолжазбалар мен археологиялық
деректерді бірге зерттеп, ортақ цифрлық қор қалыптастыруға үлес қосады.¤
Жаңа бастама Жошы Ұлысы мен Алтын Орда мұрасын тереңірек зерттеуге жол ашады. Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолия ғалымдары тарихи деректермен алмасып, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асырмақ. Ол үшін 2027–2031 жылдарға арналған бес жылдық жол картасын әзірлеу керек.
Жеңісбек Төлен, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Білім және қоғамдық даму ғылымдар орталығының басшысы:
- Бес жылдық жол картасында әр жыл сайын ортақ құндылықтарды бір арнаға жинақтап, оның барлығын жүйелеп, ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Яғни, Қазақстан ғалымдар Өзбекстан немесе Монғолияның архивтарынан деректеріне мүмкіндік алады.
Ортақ жоба төрт
негізгі бағыт бойынша жүзеге асады.
Сонымен қатар, жас зерттеушілерді тартуға басымдық беріледі. Бұдан
бөлек, көне қолжазбалардағы мәліметтер цифрландырылып, ғылыми айналымға
енгізіледі.