Ұлттық банк: бір грамм алтынның бағасы – 61 мың теңге

Ұлттық банк: бір грамм алтынның бағасы – 61 мың теңге

Мұнай нарығында өсім болып жатса, бағалы металдар сегментінде керісінше тұрақсыздық орнай бастағандай. Мәселен, Ұлттық банктің ресми сайтында алтынның бір граммы 61 889 теңге 33 тиын деген баға көрсетілген. Өткен айдың аяғында оның құны 68 мың теңге болған еді. Яғни, бір айда алтын 7 мың теңгеге құнын жоғалтып отыр. Дүниежүзілік алтын кеңесінің деректеріне сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында алтын нарығы жалпы әлемде құлдыраған. Мәселен, қаңтар айында бағалы металдың бағасы ең жоғары көрсеткіші – троя унциясы үшін 5 мың 405 доллар болса, маусым айында 4 мың долларға дейін түскен. Федералды Резерв жүйесінің зерттеуіне қарағанда, биыл алтынның табыс әкелу тартымдылығы 5 пайызға дейін төмендеген. Бұған әдеттегідей геосаяси ахуал әсер етуде. Бірақ болжамдарға қарағанда, жыл соңына дейін алтын бағасы кемі 5 пайызға қайта қымбаттауы тиіс.