Louis Vuitton назар аударған қазақ қызы

Louis Vuitton назар аударған қазақ қызы

«Бүгін.Live»-тың шығарылымында ұлттық құндылықтарды заманауи форматта әлемге танытып жүрген қазақстандық жобаларға назар аударамыз. «Talapai» авторы Айнұр Полатова қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртып, LEGO бөлшектерінен киіз үй құрастырған. Енді бұл ерекше туынды әлемге әйгілі компанияның ресми жиынтығына айнала ала ма?

Сондай-ақ кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруға көмектесетін отандық PARAQTA платформасын таныстырамыз. Ал Минскіде өткен халықаралық педагогикалық фестивальде жүлде алған қазақстандық ұстаздардан олардың кәсіби жетістіктері мен тиімді оқыту әдістері туралы сұраймыз.

Бұдан бөлек, ет қауіпсіздігін жедел тексеруге арналған отандық ғылыми әзірлеме, еліміздегі әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы және адал еңбегін мақтан тұтатын жас маманның оқиғасы да эфирде. «Бүгін.Live» — өзекті тақырыптар мен қызықты кейіпкерлер туралы!