Lotus fest - 2026 халықаралық фестивалі өтті
Атырау енді мұнайлы
аймақ қана емес, сондай-ақ лотос алқабы бар туризм орталығына да айналып
келеді. Қиғаш өзенінің жағалауында осымен 2 жыл қатарынан LOTUS FEST фестивалі
өткізілді. Су үстінде жайқалған лалагүлдерді көруге соңғы 2 күнде 50 мыңнан
астам адам келген. Соның көбі шетелден арнайы Қазақстанға лотос гүлін көруге
келген туристер болыпты.
Бұл – Құрманғазы
ауданындағы жасыл белдеу. Іргеде Теңіз дейтін ауыл бар. Жергілікті халық
аймақты Аққу аралы деп атайтын. Өйткені махаббаттың символы саналатын құстар
осында қоныстанған. Бірақ енді лотос алқабымен де аты шығып жатыр. Қазір мұнда
LOTUS FEST - 2025 халықаралық фестивалі өтуде. Туристер лалагүлдердің ортасына
барып, қайықпен серуендеп жүр. Әрине, түрлі мәдени-спорт шаралары да
ұйымдастырылған.