«Үлкен құрылыс»: жаңа жұмыс орындары қайдан ашылады?

«Үлкен құрылыс»: жаңа жұмыс орындары қайдан ашылады?

Қазақстанды «үлкен құрылыс алаңына» айналдыру – тек жаңа ғимараттар салу емес, елдің инфрақұрылымын жаңғыртып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды міндет. Жаңа тұрғын үйлер, жолдар, мектептер, медициналық нысандар, таза су, жылу және энергетика нысандары ел өміріне қалай әсер етеді? «Үлкен құрылыс» жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірлердің дамуына және отандық өндірістің өсуіне қалай ықпал етеді? «Талдау» бағдарламасында ауқымды құрылыс саясатының негізгі бағыттары мен оның халық үшін маңызы сараланады.