Әлеуметтік нысандар жылу маусымына дайын
Әлеуметтік нысандардың 98 пайызы жылу беруге дайын. Елде 11 мыңға жуық мектеп, балабақша мен басқа да білім ошақтары бар. Соның 10 700-ге жуығы қысқа дайын. Сегіз өңірде бұл жұмыс толық аяқталған. Ауруханалар мен емханалардың да 98 пайызы жылыту маусымына әзір. Алты өңір медицина нысандарын толық дайындап қойған. Тұрғын үйлерде де қысқа қамданып жатыр. Бүгінде 50 мыңнан астам үйде қажетті жұмыстар аяқталған. Бұл жоспардың 96 пайызы. Олжас Бектенов мектептер мен ауруханаларды 1 қыркүйекке дейін, ал тұрғын үйлерді 15 қыркүйекке дейін дайындауды тапсырды.