Әлеуметтік нысандар құрылысы аяқталуға жақын
Ақмола облысында үш бірдей ауыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады. Аудан орталығы жылумен қамтамасыз етіледі. Ал Сандықтау ауданында бірнеше елдімекенде медициналық нысан бой көтеріп, балалар ойын алаңдары салынып жатыр. Аймақтағы ауылдардың инфрақұрылымдарын жаңғырту әлі жалғасады.