Корольдік сапардың нәтижесі: Қазақстан мен Бельгияны не байланыстырады?
2026 жылғы 11-14 қазан аралығында Бельгия Королі Филипп пен Патшайымы Матильданың Қазақстандағы мемлекеттік сапары өтті. Бұл Бельгия монархының Орталық Азияға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары болды. Корольдік жұп Астана мен Алматы қалаларында Қазақстанның саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени өмірімен танысты.
Мәртебелі қонақтармен бірге Қазақстанға 110 адамнан тұратын делегация келді. Оның құрамында 25 ірі компанияның басшысы, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер және он университет ректоры болды. Бұл сапардың салтанатты протоколмен ғана шектелмегенін көрсетеді. Бельгия Қазақстанға өз бизнесін, ғылыми ортасын және өңірлік сараптамасын қатар алып келді. Ал, Қазақстан үшін бұл Еуропаның орталығында орналасқан мемлекетпен прагматикалық серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік болды.