Контейнерлік хаб ашылды

Контейнерлік хаб ашылды

Ақтауда жаңа контейнерлік терминал жұмысын бастады. Каспий теңізі акваториясындағы логистикалық орталықта транзиттік жүктерді өлшейді, сертификаттайды. Контейнерлерді жөндеу, сақтау қызметі де бар. 50 адам жұмыспен қамтылған. Контейнерлік хаб Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, Орта дәлізді дамыту және Қазақстан порттарының қуатын арттыру мақсатында салынған.