Kitap Time Республикалық фестивалі басталды
«Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысам деушілер үшін өтініштер қабылдау жалғасып жатыр. Әрі бүгіннен бастап, Kitap Time-2026 республикалық фестивалі басталды. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың жетекшісі Күміс Сейітованың айтуынша, кітап оқитын ұлт қалыптастыру үшін отбасында, мектепте, жоғары оқу орнында және қоғамдық ортада мәдени құндылықты дәріптеу үрдісі жүруі қажет. «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының миссиясы да - осы. Бұл жоба 7 бағыт бойынша өтеді. Әрбірінде 350-ден астам кітап ұсынылған. Ережеге сәйкес, марафонға қатысушы соның кемі 15-сін оқуы тиіс. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық тағайындалған. Қорытындысы 2027 жылы жасалады.