Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру
Алматыда тағы бір
сауда орталығында кітап беру пункті ашылды. Жаңа нысанның басты мақсаты қала
тұрғындарының кітапқа қолжетімділігін арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» бастамасы
аясында қолға алынған.
Игі бастаманың ашылу
рәсіміне белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері мен мәдениет саласының өкілдері
қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамдық кеңістікте орналасқан кітап
беру пункті тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ
бұл жоба халықтың рухани және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған.