«Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,2 млн адам тіркелді
Кітап оқитын ұлт
марафонына 1 млн 200 мың адам қатысып жатыр. Олардың қатарында небәрі 17
жасында 800 шығарманы тауысып оқыған оқушылар да бар.
Классикалық бестселлер мен психологиялық кітаптар, қаржылық сауат пен бизнес. Бұл қазіргі оқырмандардың сүйікті жанрлары. Интернетке телмірген заманда, жата-жастана кітап оқитындар бар. Солардың бірі - небәрі 17 жасында 800 кітап оқыған Батыр. Ол айына кемі 15 кітапты тауысамын дейді.
Батыр Болатбек, оқушы:
- Менің ең сүйікті жанрым көркем әдебиет. Осы қазақ тіліндегі, ана тілімдегі кітаптарды жүрегіме жақын қабылдаймын. Адам егер шын ықыласымен ынта-жігерімен оқыса, ол санадан ұмытылмайды.
Ғалымдар кітап оқудың
7 пайдасын айтады. Сөздік қорды байытады. Есте сақтау қабілетін жақсартады.
Тіпті намофобия ауруынан сақтайды. Нақты айтқанда телефонсыз қалу үрейінен қорғайды.
Психологтар бұл дерт әсіресе жасөспірімдерде көп болатынын айтады. Сол себепті
де оларға кітапты серік еткен пайдалы.