Үкімет республикалық бюджет жобасын мақұлдады
Үкімет кіріс пен шығысты есептеп, ел қазынасының негізгі жоспарын бекітті. Алдағы үш жылға арналған заң жобасында экономиканың өсімі, өңірлер мен салаларға қанша қаржы бөлінетіні нақтыланған. Болжам бойынша, келер жылы қазынаға 20 трлн теңгедей түседі. Ал шығын 30 трлн-нан асуы мүмкін. Сондықтан Үкімет бюджет тапшылығын азайтып, инфляцияны тежеуді көздеп отыр. Сонымен, ел қазынасы қалай толығып, қаржы қайда жұмсалады?
Сүндет Оралбек, тілші:
- Үкімет қабылдаған
бюджет жобасы алдағы үш жылдың басты қаржы құжаты саналады. Себебі, ел
экономикасының ілгерілеуі де, өңірлердің өркендеуі де осы жоспарға тікелей
байланысты. Құжатты таныстырған Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин
жалпы ішкі өнімнің жылдық өсімі 5 пайыздан жоғары болады деп сендірді. Ал
инфляция 7,5 мен 9,5 процент деңгейінде болса, 2029 жылға қарай 6-8 пайызға
дейін төмендейді. Ал қазынаға келер жылы 20 трлн теңге, 2028 жылы шамамен 22,
ал 2029 жылы 23 трлн 400 млрд кіріс
түседі. Премьер-министрдің орынбасары бюджет тапшылығы да төмендейтінін
айтты.