Кибералаяқтық азайды: жәбірленушілерге 5,9 миллиард теңге қайтарылды
Қазақстанда соңғы үш жылда интернет-алаяқтық едәуір азайған. Жәбірленушілерге 5,9 миллиард теңге қайтарылды. Мұндай қылмысты ашу көрсеткіші 30 пайыз өскен. Бұған алаяқтыққа қарсы күрестің күшеюі, дропперлерге қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі оң ықпалын тигізген. Сондай-ақ, азаматтардың өз атына несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым салуына мүмкіндік беретін «Стопкредит» қызметі әсер етті. Мәселен, бұл сервисті биылғы алты айда 6,3 миллион рет пайдаланған. Алайда алаяқтар да жаңа тәсілдерге көшіп жатыр. Енді олар жасанды интеллект арқылы адамның дауысын салып, жалған бейне жасап, жұртты алдауы мүмкін. Азаматтардың ақшасы мен жеке деректерін қорғау үшін тағы қандай шаралар қолға алынған? Тілшіміз Мөлдір Махмұт тарқатады.