«Келешек мектептері»: 5 жаңа білім ордасы ашылды

«Келешек мектептері»: 5 жаңа білім ордасы ашылды

Биыл жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды. Оның 35 мыңнан астамы Алматы облысынан барады. Демек, оқу процесіне дайындық бұрынғыдан да күшейтіле түсуі қажет. Әрі тамыз айының ортасынан бастап республика бойынша «Тамыз конференциясы» басталады. Соның бірі – Алматы облысында өтті. Жаңа оқу жылының басты жаңалығы – енді оқушылар Конституция негіздерін оқып, "Заң мен тәртіп" қағидаттары бойынша курстардан өтеді.

Жаңа оқу жылы, жаңа меже. Алматы облысында дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті. Өңір ұстаздары бас қосқан жиында білім сапасын көтеру пысықталды. Басты назарда үш ауысымды оқыту жүйесін түбегейлі жою. Бұл түйткілді шешу үшін биыл облыста тағы бес «Келешек мектебі» есігін айқара ашады.