«Кең дала – 2»: Қостанай шаруаларына 135 миллиард теңге бөлінді

«Кең дала – 2»: Қостанай шаруаларына 135 миллиард теңге бөлінді

Астықты өлкеде өтіп жатқан агрофестивальде шаруаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері де таныстырылды. Қостанай облысы бұл бағытта тарихи көрсеткішке қол жеткізген. Осы жылы «Кең дала-2» бағдарламасы аясында өңір шаруаларына 135 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұған дейін мұндай қаржы бүкіл республикаға бағытталатын еді.

¤

Жаңа техника, мол өнім, табысты кәсіп. Мұның бәрінің негізі – қаржылай қолдау. Сондықтан агрофестиваль өнім көрмесімен ғана шектелмеді. Мұнда фермерлерге арналған мемлекеттік қолдау тетіктері мен қаржыландыру бағдарламалары таныстырылды.

Айдын Досқараев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі таңда 2026 жылдың жоспары бойынша біз шамамен 1 трлн 200 млрд теңгеге жуық несиелеу қарасытырып отырмыз.  Биылғы күнді алсақ, мысалы, «Кеңдала» бағдарламасы бойынша 650 миллиард теңгені несие ретінде беріп қойдық. Әлі де беріп жатырмыз. Біздің бағдарламалардың басты ерекшеліктері бұл біріншіден жеңілдетілген өсімақы пайызы, екіншіден бұл бағдарламалардың ережелері ауыл шаруашылығымен айналысатын ксәіпкерлерге арнайы бейімделген.  Жаңағы маусымдық ерекшеліктері бойыша, егін егудің немесе мал бағудың әдістемелік технологиялары бойынша арнайы кесте жасалады.

Корпорация шағын шаруа қожалықтарынан бастап, ірі агроқұрылымдарға дейін қаржылай қолдау көрсетеді. Биыл «Кең дала – 2» бағдарламасы аясында облыстағы мыңға жуық шаруашылыққа 134 миллиард теңгеден астам жеңілдетілген несие беріліпті. Әсіресе, Денисов, Федоров, Қостанай және Қарабалық аудандарының шаруалары жеңілдетілген несиеге жоғары сұраныс танытуда.