Кадр тапшы өңірлерге көшкендерге 7 млн теңге беріледі
Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге көшіп барғандарға баспана алу үшін 7 млн теңгеге дейін қаражат беріледі. Министрлік осылайша аймақтардағы кадр тапшылығын азайтып, халықтың еңбек ресурстарын тиімді бөлуге ықпал етпек. Айта кетейік, қазір бағдарлама толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Өтінім беру, аймақтардағы бос жұмыс орындарын migration.enbek.kz порталынан көруге болады. Бағдарлама 2017 жылы іске қосылған. Содан бері 31 мың адам тұрақты жұмысқа орналасыпты.