Көпқабатты үйдің қасбеті көрікті, әрі қауіпсіз болуы тиіс

Көпқабатты үйдің қасбеті көрікті, әрі қауіпсіз болуы тиіс

Қаладағы көпқабатты үйлердің сыртқы келбетін қандай орган ретке келтіріп, кем-кетігін бақылап тұруға тиіс? Қазір жұрт арасында осындай сұрақ туындап, мемлекеттік органдарға көп шағым келіп түсіп жатыр. Осы сұраққа жауап беру үшін Астанада барлық жауапты орган өкілдері бірігіп, тұрғындарымен кездесті. Мемлекеттік бағдарлама арқылы жүзеге асырудың жолдарын түсіндірді.

Көпқабатты үйдің қасбеті дұрыс, әрі қауіпсіз болуы тиіс. Сондықтан қатарында әкімдікпен бірге төтенше қызмет, прокуратура мамандары жауапты органдар өкілдері бар тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмысын өткізді. Мақсат - ортақ мүлікті мемлекеттік бағдарлама арқылы жөндеудің жолдарын түсіндіру. Негізі заң бойынша үйдің қасбеті мен шатырын күтіп ұстау пәтер иелерінің міндеті.