Joltap: Астанада қандай кәсіпті тегін үйренуге болады?

Joltap: Астанада қандай кәсіпті тегін үйренуге болады?

«Елмен бірге» бағдарламасының бұл шығарылымында елордамыз – Астананың тыныс-тіршілігімен танысамыз. Есіл жағалауын аралап, жолаушылар кемесімен серуендейтін туристердің әсерін білеміз. Қаланың көрікті орындарының бірі – Орталық саябаққа барып, елорда тұрғындары мен қонақтарының сүйікті мекенімен танысамыз.

Сондай-ақ еуропалық сападағы лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыттың жұмысын көріп, отандық өндірістің мүмкіндіктеріне үңілеміз. Joltap әлеуметтік жобасы арқылы тұрғындардың жаңа кәсіптерді, соның ішінде жасанды интеллектке қатысты мамандықтарды қалай меңгеріп жүргенін білеміз.

Астананың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар, жаңа мүмкіндіктер мен елорданың жарқын келбеті – бүгінгі шығарылымда. Елорда өмірін бірге тамашалайық!