Израиль Президенті Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптады
Израиль Президенті
Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптады. Бакуде өтіп жатқан Азиядағы
өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Қасым-Жомарт
Тоқаев Ицхак Герцогпен жеке кездесті. Тараптар қос ел арасындағы алыс-берістің
жанданғанына тоқталып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтарды
дамытуға бейіл екендіктерін айтты. Президент бұл байланыс Ицхак Герцогтің сәуір
айында Астанаға жасаған сапары аясында қарқын ала бастағанын жеткізді. Ал,
Израиль басшысы Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның
бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде
Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.