Ізгі құндылықтар – қоғамның иммунитеті – Президент
Қуатты қоғам тек заңдар мен экономикалық дамуға ғана сүйенбейді. Оның басты тірегі – адамдарды біріктіретін адамгершілік құндылықтар. Мемлекет басшысы осындай пікір ұстанады. Президенттің «Ізгі құндылықтар – қоғамның иммунитеті» деген цитатасы «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты дәйексөздер жинағында жарияланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы 2019 жылы «Egemen Qazaqstan» және «Айқын» газеттеріне берген сұхбатында айтқан болатын. Сол кезде Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен моральдық бағдарлардың маңыздылығына да тоқталған еді.