«Хроникадан болашаққа» кинокеруені Қарағандыда

«Хроникадан болашаққа» кинокеруені Қарағандыда

«Хроникадан болашаққа» республикалық кинокеруені Қарағанды көрермендеріне келді. Мұнда Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай дайындалған қос деректі фильм назарға ұсынылған. Оның бірі – «Арал» туындысы. Картинада жарты ғасырға жуық ғұмырын балық шаруашылығына арнаған Күнтуған Тұрғынбаевтың өмірі баяндалады. Сол арқылы теңіздің тартылуы мен өңірдегі экологиялық ахуалдың жай-күйі көрсетілген. Екінші картина – «Тамшы» деп аталады. Бұл – Каспий теңізін сақтап қалуға күш салып жүрген еріктілер жайлы баяндалатын туынды. Ал ертең «Құлалы аралындағы адам» және «Апорт» фильмдері ұсынылады. Кинокеруен 20 қаланың экрандарына шықты. 25 қыркүйекте Алматыға барып тоқтайды.