ХХ Жазғы Азия ойындары: 558 қазақ спортшысы қатысады

ХХ Жазғы Азия ойындары: 558 қазақ спортшысы қатысады

Ертең төрткіл дүние Күншығыс еліне көз тігеді. Яғни, Жапонияның Нагоя қаласында 20-шы Жазғы Азия ойындары ресми басталады. Үлкен додада қазақ намысын 558 спортшы қорғайды. Олар 35 спорт түрінен жүлдеге таласады. Әрине, сайыс оңай болмайды. Бірақ үміт басым. Әсіресе, бокс құрамасында фавориттер бар. Ал бүгін 5 сайыс дисциплинасынан финалға 5 жолдама алдық. Жалпы 45 елден 15 мың спортшы өзара мықты анықтайды.