Халықаралық ұйым басшылары көңіл айтты
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күнінде бірқатар шет мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел хат жолдап, марқұмдардаың отбасына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Атап айтсақ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан президенттері тілеулестік білдірді. Ал Түркі мемлекеттер ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы да өздерінің ресми сайттарында қолдау көрсетті. Қазақстан халқына қайғыға ортақпыз деп жазды.