«Халал» стандарты: ет экспортын еселенген

«Халал» стандарты: ет экспортын еселенген

Екі жыл ішінде Қазақстанның ет экспорты 50 пайызға артып, көлемі 170 миллион АҚШ долларына жуықтады. Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мұндай нәтижеге агроөнеркәсіп саласында «Халал» ұлттық стандартын енгізу ықпал еткенін айтты. Оның сөзінше, ұлттық стандарттар бүгінде тек өнім сапасын реттейтін құжат емес, отандық өндірістің бәсекеге қабілетін арттыратын нақты құралға айналған. Мәселен, жаңа талаптар енгізілгеннен кейін елімізде цемент өндірісі 1,5 есеге көбейген. Осындай тәсіл енді құрылыс материалдары мен аграрлық өнімдерге де кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

¤

Арман Шаққалиев, ҚР сауда және интеграция министрі:

- Ұлттық стандарттар отандық өндірушілерді қорғау үшін қолданылады. Жаңа стандарттың арқасында цемент өнімінің өндірісі 1,5 есе артты. Дәл осындай жұмыс тас өңдеу, панельдер мен полимерлік құбырлар бойынша жүргізілді. Аграрлық секторда «Халал» стандарттарды енгізе отырып, отандық ет өнімінің экспорты екі жылда 50 пайызға өсіп, шамамен 170 млн АҚШ долларына жетті.