Футболды қаржыландыру жүйесі өзгерді

Футболды қаржыландыру жүйесі өзгерді

Президент былтырғы жолдауда футбол клубтарын жекешелендіру мәселесіне тоқталған. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысты жеделдету керегін айтқан. Содан бері бірқатар клуб электронды аукцион арқылы сатылды. 11 команда жеке меншікке өтті. Олардың тізімін көріп тұрсыздар. Тағы бір өзгеріс - былтырдан бастап шетелдік ойыншылардың шығынын бюджет есебінен өтеуге заңмен тыйым салынды. Бұған дейін ол үшін өңірлік бюджеттен қаражат бөлінетін. Яғни, отандық кәсіби футболды қаржыландыру жүйесі түбегейлі өзгерді. Осылайша мемлекет ұзақ мерзімді дамуға басымдық бере бастады.