Formula-1 жарысына арналған катер шығаратын зауыт салынады
Қонаевта Формула-1 жарысына арналған катер шығаратын
зауыт салынады. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ауқымды
жоба барысы өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев пен әлемдік біріншілікті
ұйымдастыратын компания өкілі Раймондо ди Сан Джермано арасында талқыланған.
Өйткені Формула-1 жарысының халықаралық қауымдастығы Қапшағай су қоймасын
Орталық Азиядағы Formula-1-дің су форматын даму орталығы ретінде таңдаған.
Сөйтіп, халықаралық катер жарысын да осында өткізіп тұрмақ. Бұл аймақтағы туризмді
дамытуға қосымша серпін беруі тиіс. Сондай-ақ Қонаев қаласында катер пилоттарын
даярлайтын арнайы академия ашылып, су спортынан Қазақстанның ұлттық құрамасы
жасақталмақ. Оған бір жыл уақыт беріліп отыр. Жобаны Туризм және спорт
министрлігі де қолдаған.
Раймондо ди Сан Джермано, Formula – 1 H2O әлемдік біріншілікті ұйымдастырушы компания өкілі:
- Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда осы спорт түрінің федерациясын дамыту бағытында жұмыс істейміз. Бұл жобалардың барлығы Қонаев қаласында жүзеге асады. Бұдан бөлек, Қазақстанда спорт катерлерін шығаратын зауыт ашуды да жоспарлап отырмыз. Ыстықкөлде болғанымызда Қырғызстанның өз командасы жоқ екенін көрдік. Алдағы 12 ай ішінде Қазақстанның толыққанды ұлттық құрамасын жасақтауға мүмкіндік бар.