Фастфуд жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін

Фастфуд жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда балалар арасындағы семіздік дендеп барады. Яғни, 2025 жылғы ресми медициналық статистикаға сүйенсек, 14 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында артық салмағы барларының қатары 27 пайызға жеткен. 2018 жылмен салыстырғанда 9-15 жастағы балалардың семіздігі 1,9 пайыздан 15,7 пайызға дейін өсіпті. Бұл - дабыл қағатын мәселе дейді мамандар. Ал семіздікке әкелудің бірінші жолы - ол, әрине, дұрыс тамақтанбау, үнемі фастфуд жеу. Қазіргі балалардың дені бургер, пицца жеп, газдалған сусындар ішуге әуестенген. Бұдан бөлек, әлеуметтік зерттеу жеткіншектердің 17,5 пайыздан астамы энергетик ішетінін көрсетеді. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі фастфуд жарнамасымен бірінші кезекте күресу керек деп шешкен. Қазір барлық платформада оған шектеу қою ұсынылуда. Заң бойынша 21 жасқа толмаған балаларға зиянды сусынның бұл түрі сатылмауы керек.