Есіл ауданында 20 мыңға жуық ағаш пен бұта егілді

Есіл ауданында 20 мыңға жуық ағаш пен бұта егілді

Есіл ауданында 20 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылды. Бұл –  Таза Қазақстан акциясы аясында атқарылған жұмыстардың бір бөлігі.  Көпқабатты үйлердің аулаларын көгалдандыру қарқын алды. Тұрғындар айналасын тазалап, көшет екті. 

Мұнда қарағайдан бастап, шырша мен қарағашқа дейін бар. Бұл Елордадағы көпқабатты үйдің маңына егілген жасыл-желек. Тұрғындар да өз аулаларын абаттандыруға білек сыбана кірісті. Соның бірі - Оксана. Оның осы үйде тұрып жатқанына 13 жыл болыпты.