Ертістің дамуы: жаңа бағыттар мен мүмкіндіктер

Ертістің дамуы: жаңа бағыттар мен мүмкіндіктер

Ертіс өзенімен халықаралық жүк тасымалы қайта жанданбақ. Кеме қатынасын қалпына келтіріліп, жаңа логистикалық бағыттар ашу мәселесі Павлодарда өткен форумда талқыланды. «Ертіс: достық өзені – даму өзені» атты жиынға Қазақстан мен Ресейден 150-ге тарта өкіл қатысты. Экологиялық қауіпсіздік те күн тәртібінен түскен жоқ.

Алдымен Ертістің арнасын толық тазарту керек. Содан кейін ғана өзенде тұрақты жүк бағыттарын іске қосу жоспарланған. Ертістің көлік -логистикасын реттеу үшін, цифрлық паспортын әзірлеу қажет.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Бұл паспортта әрине судың көлемі тереңдігі, арнасы, эко, био ресурс қамтылады. Кеме қатынасын бастайтын кезде осы парпорттан білуге болады тоқтауға.Біз паспортта бүгінгі жағдайды ғана білмейміз, өзгеру динамикасын біліп отырамыз. 10 жыл, 20 бұрын қандай болды деген сияқты.

Форум қатысқандар Ертіс бойымен экспедицияға шығып, жағалаудың инфрақұрылымын көрді.  Жаңа төрт жолақты көпір құрылысымен танысты. Екі жыл бұрын басталған іс 80 пайыз бітіп тұр. Бұл еліміздегі ең алғашқы экстрадозды көпір болмақ.

Николай Дрофа, Омбы облысы ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің министрі:

- Қазақстанда қарқынды даму жүріп жатқаны анық байқалады. Бүгінде Павлодар облысының да өнеркәсіп пен энергетика саласында жетістіктері бар екенін көріп отырмыз. Мұндағы жаңа жобалар мен бастамалар Омбы облысының дамуына да серпін беріп, өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Делигаттар Ертістің экожүйесі мен көлік әлеуетін талқылап қана қоймай, нақты іске көшті. Экологиялық акция барысында өзенге 1 мың бекіре шабағы жіберілді. Биыл тағы 5 мың шабақ жіберілмек.