Ерлан Қошанов Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ерлан Қошанов Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бүгін жаңадан құрылған органның алғашқы отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Кеңестің міндетін айқындап берді. Сондай-ақ, төраға лауазымына бұрынғы Мәжіліс басшысы Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды. Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жыл еңбек етті. Мәжіліс төрағасы ретінде ауқымды реформаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысты, -деді Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің құрамына тәжірибелі, білікті және елге белгілі азаматтар енгенін айтты. Оларды ел игілігі үшін еңбек етіп, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосуға шақырды.