Ерлан Қариннің қатысуымен Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі өтті
Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі өтті. Одан Жаһандық бейбітшілік қозғалысын қалыптастыру ұсынылды. «Бастама діндердің бітімгерлік әлеуетін біріктіріп, рухани дипломатияға халықаралық сипат беруді көздейді», - деді Вице-президент Ерлан Қарин. Жиынға 20 елден 30-дан астам дін және халықаралық ұйым өкілі қатысты. Ерлан Қарин бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім, адамды құрметтеу Қазақстанның даму бағдарын айқындайтын конституциялық құндылықтар екенін атап өтті. Отырыс қорытындысында екі халықаралық құжат қабылданып, тағы бір хартия таныстырылды. Жиын аясында Мұсылман ақсақалдары кеңесі, Біріккен Араб Әмірліктері, сондай-ақ Қытайдың буддистік және даостық ұйымдарының өкілдерімен екіжақты кездесулер өтті. Тараптар Съезд аясындағы ынтымақтастық пен дінаралық диалогты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.