Елордада «Қазақы тазы» моно тұқымдық көрмесі өтті
Елордада қазақы тазылардың мәртебесі тағы бір мәрте көтерілді. «Қазақстан кинологтар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақы тазы» моно тұқымдық көрмесі мен байқауы өтті. Мұнда жүйріктің сыртқы бітімімен қатар асыл тұқымға тән қасиеті де сынға түсті.
Камила Мүлік:
- Рамазан Кусеев қазақы тазының қыр-сырын жетік біледі. Өйткені 73 жыл жүйрік баптап, жарысқа қосып келеді. Ақсақалдың әспеттеп өсірген тазысы бүгін де көрменің төрінен табылып, бас жүлдеге ие болды.
Соңғы жылдары қазақы тазының мәртебесіне, тұқым сапасын сақтауға және оны жүйелі түрде дамытуға ерекше мән берілген. Қазір Қазақстан кинологтар одағының жүйесінде төрт мыңнан астам қазақы тазы тіркелген. Ал мамандардың айтуынша, ресми есепке енбегені қанша?
Тазыбегі Рамазан Кусеев:
- Бұрын аса мән бермейтін, қазір үкімет қолдап, президентіміз тазылардың кинологияның Бауыржан бәрі тазыларға өте көңіл бөліп жатыр. Қазір тазылар өте жақсы, экстерьерлердің бәрі әдемі. Бұрыңғыдай емес, қазір көп көңіл бөлініп жатыр.
Тазы жүйелі түрде дамыту үшін оның тұқымдық сапасын
сақтайтын инфрақұрылым да қажет. Бұл бағытта өңірлерде арнайы орталықтар
құрылады. Қазақы тазыны өсіруге және тұқымын жетілдіруге жағдай жасалып жатыр.