Елордада Атыраудың креативті жобалары таныстырылды

Елордада Атыраудың креативті жобалары таныстырылды

Елордада Атыраудың шығармашылық әлеуеті мен жаңа креативті идеялары таныстырылды. Ұлттық қолөнерден бастап авторлық бұйымдарға дейінгі туындылар заманауи сипатта ұсынылды. Екі күнге созылған Atyrau Creative Days жәрмеңкесіне 20-ға жуық шебер мен креатор өз жұмыстарын ала келген. Театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, 3D технологияға негізделген жобалар да көрермен назарына ілікті.

Бірінен-бірі өткен туындылар көздің жауын алады. Креативті ой мен ұлттық нақыш тоғысқан жәрмеңкедегі ерекше дүниенің бірі — балық терісімен қапталған қобыз. Автор оны өңір табиғатынан шабыт алып жасадым дейді.