Электросамокаттарға қатысты жаңа ереже енгізіледі
Бүгінде кибералаяқтар азаматтардың ақшасы мен жеке деректерін иемденудің жаңа тәсілдерін қолдана бастады. Соның бір дәлелі – Астанада әшкереленген қылмыстық топтың әрекеті. Күдіктілер арнайы «SMS-бластер» құрылғысы арқылы төрт күн ішінде ұялы байланыс операторларының 150 мыңға жуық абонентіне жалған хабарлама жіберген. Хаттағы сілтеме арқылы азаматтарды жалған сайтқа бағыттап, банк картасының нөмірі, CVV коды және SMS арқылы келген растау кодын енгізуге мәжбүрлеген. Енді осы жағдай бойынша Астана Прокуратура сауал жолдаған едік. Сол оқиғаның мән-жайын бүгін білеміз.
25 тамыздан бастап алимент төлемдерін аударудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Енді сот орындаушысы өндіріп алған қаражат арнайы банктік шотқа ғана аударылады. Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғап, оның баланың немесе еңбекке қабілетсіз адамның қажеттілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа тәртіп кімдерге қатысты?
Арнайы шотты қалай ашу керек? Ал алимент төлеуден әдейі жалтарған немесе
табысын жасыратын борышкерлерге қандай жауапкершілік қарастырылған? Осы
мәселелерді заңгермен талқылаймыз.