Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
Ел бойынша республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолы жөнделіп жатыр. Оның 2 мың шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Оған қоса күрделі жөндеуден өтіп жатқан 97 шақырым да биыл пайдалануға берілмек. Еске салайық, Мемлекет басшысының республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автомобиль жолын жөндеуді тапсырған еді.