Елде 312 жаңа мәдени нысан салынды
Ауқымды құрылыс жобасының 7 жылдағы нәтижесі. Елде 312 жаңа мәдени нысан салынып, пайдалануға беріліпті. Оның ішінде 161-і мәдениет үйі болса, 89-ы ауылдық клубтар. Тағы 15 музей, 10 кітапхана және 3 театр да ашылған. Сөйтіп, бүгінде елдегі мәдениет ошақтарының саны 3 мыңнан асқан. Кейінгі жылдары жаңа ғимараттар салумен қатар, қолданыстағы театрлар, музейлер мен кітапханаларды жаңғырту жұмыстары да жүріп жатыр. Мәселен, қазір Ақтөбе мен Қонаевта жаңа драма театрлары бой көтеруде. Ал Шымкентте опера театры, Қызылордада драма театры және Семейде музыкалық-драма театрын салу жоспарланған.