Экологиялық білім беру жүйесі жаңарады
Экологиялық білім берудің бірыңғай стандарты әзірленді. Енді табиғатты аялау мәдениеті балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейін жүйелі түрде қалыптастырылмақ. Бұл туралы Құрылтай депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Жаңа құжат білім берудің барлық деңгейінде экологиялық тәрбие берудің ортақ тәсілдерін енгізіп, оның нәтижесін бағалауды көздейді. «Таза Қазақстан» бастамасы қазірдің өзінде оқу орындарының тәрбие жұмысына кірген. Ал колледждер мен университеттерде экологиялық жобалар мен еріктілер қозғалысы арқылы жүзеге асырылып жатыр.