Екі жаңа мектеп ашылды
Тағы екі ауылда жаңа мектеп ашылды. Бұл жолғы білім ордалары Павлодар облысында ашылып жатыр. Бірі – Қызылқақ елді мекенінде болса, екіншісі Екібастұз маңындағы Атығайда ауылында. Екеуі де жасанды интеллектпен оқыту процесіне арналған технологиялармен жабдықталған. Ескі мектептерде оқу кабинеттері мен спорт залы жетіспей келіпті. Әрине, ең бастысы, балалар қуанышты.