Егін жинауға 664 млрд теңге бөлінді
Биыл диқандар 24 млн гектар жерге егін егілген еді, енді міне «Сабан тойды» дүркіреп тұрып өтетін сияқты. Өйткені биыл өзгесін айтпағанда, астықтың өзі 24 млн тоннадан кем жиналмауы тиіс. Қазір элеваторға 15 млн тоннасы түскен. Әрине, орақ науқаны дұрыс жүру үшін 664 млрд теңге бөлінген. Қазір алқаптарда 130 мыңнан астам трактор мен 29 мың комбайн жүр. Қосымша 401 мың тонна арзандатылған дизель отыны да берілген. Жиналған астықтың 61 пайызы 3-ші сыныпты сапалы бидай. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша келесі жылдың көктемгі жұмыстарына өтінім қабылдау 1 қазанда басталуы тиіс. Бұл мақсатқа 200 млрд теңге қарастырылған.