EcoQolday арқылы 162 мың тонна қалдық қайта өңделді
EcoQolday жүйесі арқылы 162 мың тоннадан астам қалдық қайта өңдеуге жіберілді. Оның басым бөлігі қағаз бен шыны. 2 жыл бұрын іске қосылған жүйе арқылы қайта өңдеуші кәсіпорындарға 5 миллиард теңгеден астам төленген Қазір EcoQolday жүйесіне 179 компания өтінім берген. 109 -ымен келісім жасалды. Қазір олардың арасында қалдық жинайтын 74, қайта өңдейтін 21 және толық циклді 14 кәсіпорын бар. «Жасыл даму» акционерлік қоры бұл жүйе арқылы қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеуді бір тізбекке біріктіруді көздейді. Нәтижесінде полигондарға түсетін жүктемені азайтып, қоқысты өндірісте пайдалануға мүмкіндік туады.