Ең ірі деректерді өңдеу орталығы салынып жатыр
Екібастұзда ең ірі деректерді өңдеу орталығы салынып жатыр. Нысан құрылысына 177 гектар жер арнайы бөлінген. Жоспар бойынша келесі ол қолданысқа берілуі тиіс. Бастапқы кезеңінде қуаты 125 МВт-тық деректерді өңдеуге мүмкіндік берілмек. Ал 2033 жылы кластердің жалпы қуаты 1 ГВт-қа жетіп, оның аумағында 10-ға тарта заманауи ДАТА-орталығы бой көтереді. Жобаға әлемдік жетекші гиперскейлерлер қатыспақ. Әзірге қос америкалық компания таңдалған. Олар жобаға 10 млрд доллар инвестиция салуда. Сөйтіп, Еуразия кеңістігіндегі ең ірі цифрлық кластер құрылуы тиіс.