ДНҚ арқылы қандай ақпаратты білуге болады?
Біз эфирімізді бастаймыз. Адамзаттың шығу тегі, ата-бабамыздың тарихы және халықтардың қалыптасуы туралы көптеген сұрақтың жауабын бүгін ғылымнан табуға болады.
Енді осы орайда Қазақ халқының генетикалық тарихы
бізге не айтады? ДНҚ арқылы ата-тегіміз туралы қаншалықты нақты ақпарат алуға
болады? Осы және басқа да сұрақтарға жауап беру үшін студиямызға генетик,
палеогенетика және популяциялық генетика саласының маманы, Ұлттық биотехнология
орталығы Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабағинмен
сұхбаттасамыз.