«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»
Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты
жинағы шенеуніктердің жұмыс үстелінде ғана тұратын кітап емес, әр қазақтың
төрінен орын алуға лайықты құнды еңбек. Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан
осылай деді. Кітапта еліміздің өткені мен бүгіні, келешегі, сондай-ақ
жүргізіліп жатқан реформалар мен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
қамтылған. Жинақтан «Біз кімбіз?», «Қандай ел боламыз?» деген маңызды
сауалдарға жауап табуға болады. Айта кетейік, «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»
жинағына Президенттің 1994 жылдан бүгінге дейінгі таңдаулы сөздері,
баяндамалары мен ой-толғамдары енгізілген. Олар мазмұнына қарай 21 арнайы
бөлімге топтастырылған.