«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабын Сыр өңірінің зиялылары да кеңінен талдауда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ой-тұжырымдары топтастырылған жинақ қазір елдегі басты кітапханаларға таратылған. Оған азаматтық жауапкершілікті терең түсінуге мүмкіндік беретін еңбек деген баға беріліп жатыр.