Диктант пен мазмұндама қайтып келеді: бағалау жүйесіне өзгерістер енгізіледі
Енді бастауыш сынып оқушылары БЖБ, ТЖБ тапсырмайды. Оның орнына диктант, мазмұндама, шығарма жазу, математикадан бақылау жұмыстарын жазады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептердегі білімді бағалау жүйесі қалай өзгеретінін түсіндірді. Енді мұғалім әр баланың дәптерін тексеріп, соған лайық баға қояды. Қазір бағалау жұмыстарының нақты критерийлері пысықталып жатыр. Сондай-ақ, жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныптарда «модерация» ұғымы толық жойылады. Бұл ұстаздардың жүктемесін азайтады.