Әдеп бұзған депутаттар жауапқа тартылады
Әдеп бұзған депутаттар жауапқа тартылады. Құрылтай және депутаттардың мәртебесі туралы заңға жаңа норма енгізілді. Бүгін парламентаризм институтының сарапшылары сайлау қорытындысын талқылап, жиын өткізді. Шара барысында Құрылтай депутаттарына қойылатын талаптар төңірегінде де ой қозғады. Бірінші кезекте, сайлаудан өткен партиялардың бағдарламаларын қалай іске асыратыны назарға алынбақ. Екіншіден халық қалаулыларына қатысты әдеп жөніндегі норма қатаяды. Иә, санаулы күннен соң Жаңа Құрылтай депутаттары қызметтеріне кіріседі. Алдымен олар, бұрынғы Парламент тұсында қарауға енгізілген бастамалар бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл тізімде әлеуметтік және экономикалық салаларға қатысты заң жобалары бар. Жалпы саны қырыққа жуықтайды. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдаудан бастап, мұнай-газ химиясы мен инвестициялық қорларды дамытуға дейінгі мәселелер қамтылған.