«Дала дәмі»: шаруалар елордаға не әкелді?
Елордада «Дала дәмі» жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы Батыс Қазақстан мен Түркістан облыстарының шаруалары бас қалаға 600 тоннадан астам азық-түлік жеткізген. Сауда сөрелерінде ауылдың табиғи өнімдері самсап тұр. Ал тұрғындардың сұранысы қандай? Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Мына жәрмеңке сөресіне қойылған мақсары майы Батыс Қазақстан облысынан
арнайы жеткізілген. Тағамдық құндылығы жоғары, дәруменге бай өнімді бірі білсе,
бірі білмейді. Дегенмен, сұраныс аз емес, бір күнде 1 тонна май сатылыпты.
Кәсіпкер Ерлан Бүрпиев Елордаға тек саудасын жүргізу үшін емес, халықпен
тікелей байланыс орнату үшін де келген.